» » NASA дыбыстан жылдам ұшатын жолаушылар ұшағын жасайды

NASA дыбыстан жылдам ұшатын жолаушылар ұшағын жасайды

NASA дыбыстан жылдам ұшатын жолаушылар ұшағын жасайдыАСТАНА. ҚазАқпарат - Американың аэроғарыш агенттігі дыбыстан жылдам ұшатын ұшақ нұсқасын әзірлеуге 20 млн доллар қаржы бөлді. Оған дыбыс кедергісінен өтер шақта қатты тарсыл шықпауы керек деген талап қойылды. ұшақтың жаңа нұсқасын Lockheed Martin компаниясы әзірлейді, жоба 17 айда дайын болады деп күтілуде.
Жоба бойынша жасалатын ұшақ дыбыс кедергісінен өткенде қатты тарсыл шықпауы тиіс. NASA осы дыбыс эффектісінің жолаушыларға қатты естілмеуіне мән беруде. Егер жоба сәтті іске асырылса әуе жолаушы тасымалының жаңа дәуірі басталмақ.
Америка ғарыш агенттігінің бағдарламасы бойынша осындай жылдам әрі дыбыссыз ұшақ 2020 жылы дайын болады, деп жазады popsci.com сайты.
Еске сала кетсек, қазіргі уақытта жолаушы ұшақтарының дыбыстан жылдам ұшуына бірқатар елдің әуе кеңістігінде тыйым салынған, оның ішінде АҚШ-та бар.

Просмотров: 26287
Похожие новости:
2015 жылы Қазақстанда ең көп қойылған есімдер анықталды

2015 жылы Қазақстанда ең көп қойылған есімдер анықталды

Қазақстанда екінші жыл қатарынан жаңа туылған ұлдарға Әлихан есімі көп қойылған, ал қыз балалардың көбі Айзере есімін иемденген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
Жарнама